Биыл ресми түрде күнтізбеге енген Кәсіпкерлер күніне орай Қызылқоға ауданында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мерекелік шара аясында жергілікті өнім өндірушілердің көрме-жәрмеңкесі өтіп, ауыл кәсіпкерлері өз еңбектерінің нәтижесін көпшілік назарына ұсынды.