Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Атырау облыстық прокуроры Мадияр Басшыбев Қызылқоға ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды. Сапардың басты мақсаты — тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытындағы шараларды талқылау болды.