Ұйқы безінің қатерлі ісігіне шалдыққандар арасында өлім-жітім көбейіп келеді. Дәрігерлер көп жағдайда науқастар дерт асқынған кезде ғана маман кеңесіне жүгінеді деп отыр. Онкологтар ауру белгілері бірден байқала қоймайтынын алға тартады. Сондықтан, медицинада ұйқы безі обырын «үнсіз жау» деп атайды.