«Байтақ» жасылдар партиясының мүшесі велосипедпен Қазақстанды аралап шықты. Басында жай ғана туристтік мақсатта басталған сапар, экологиялық экспедицияға айналды. Бастама өңірлердегі экологиялық мәселелерге назар аударып, халықты табиғатты қорғауға үндеуге бағытталған. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ұмтылған азаматпен әріптесім Лаура Кисметова тілдесіп қайтты.