Облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері азаймай тұр. Полиция департаментінің мәліметінше, биыл бұл мәселе бойынша түскен хабарламалар саны былтырғымен салыстырғанда артқан. дегенмен тәртіп сақшылары қазір бұл бағытта тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Сондай-ақ түсіндіру шаралары да күшейтілген.