Атырау облысына қарасты Талдыкөл ауылына жаңа жол салына бастады. Ұзындығы 6 шақырымнан асатын жол мен көпір құрылысы желтоқсан айының аяғында пайдалануға берілмек. 2024 жылғы тасқын кезінде осы жолдың 500 метрін су шайып кетіп талдыкөлдіктер ай бойы аралда қалған болатын. Осыған орай жергілікті билік жаңа бетон көпір мен 2 жолақты жаңа жолдың құрылысын қолға алды. Жалпы, биыл облыс бойынша 250 шақырым жол жөндлеуі тиіс Осы мақсатқа жергілікті және республикалық бюджеттен 58 млрд теңге қаражат қаралып отыр. Тақырыпты тілшіміз толықтырады.