Облыста әскери даярлықты жетілдіру мақсатында 99245 әскери бөлімінің арнайы базасында запастағы әскери қызметкерлерге арналған ауқымды оқу-жаттығу жиыны өтті. Он күнге созылған шара барысында 91 қатысушы тәжірибелік сабақтарға қатысып, түрлі әскери машықтарды қайта шыңдады.