Диктор: Жыл басынан бері қарай Атыраудағы «Сарайшық» музей қорығын тамашалауға 23 мыңнан астам турист келді. Оларды «Алтын Орда» дәуіріндегі көне қала орнынан бой көтеріп келе жатқан жаңа нысандар қатты қызықтырады. Келешекте бұл аумақта ашық аспан астындағы музей жасақталмақ. Қазір керуен Сарайының қақпасы мен ортағасырлық балықшылардың өндіріс орны қалпына келтіріле бастады.