Атырауда депутаттар Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылады. Облыстық мәслихатының депутаты, аймақтың кеңес төрайымы Эльмира Сапарованың төрағалық етуімен өткен кеңес отырысында бұдан бөлек, бірқатар өзекті мәселе қаралды.