Отбасы – еліміздің мызғымас беріктігі мен болашағының қайнар көзі. Себебі тәрбиелі ұрпақтың ел мен жерге адал қызмет жасауы отбасындағы өнегеден бастау алады.
Бүгінде қа­сиетті құндылығымыздың қара­шығындай болған дәс­тү­рімізді дәріптеп, ата-анасын ар­дақтап, өмірдің әр саласында өзін көрсете білген отбасылар бар­шылық. Отбасы мерекесінде Қызылқоға ауданында өнегелі отбасылар жиында бас қосты.