Атырауда «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша биыл 685 мың АҚШ долларына 3 390 өтініш орындалды. Нақтырақ айтсақ, 3115 -і Тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатына жұмсалса, білім алу ақысын төлеу үшін 875 өтініш берілген. Өскелең ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге арналған жобаға көпшілік оң пікір білдіріп жатыр.