Енді елде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады. Жаңа ведомствоны Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек. Қазақстан халқына Жолдауында Президент осындай тапсырма беріп, үш жыл ішінде жаппай цифрлық елге айналу қажеттігін айтты. Осы негізгі міндетті қоғамдға кеңінен түсіндіру мақсатында өңірде «Жасанды интеллект мамандарын дайындауға мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.