15 қыркүйектен бастап Aitu, eGov, eGov Business, eOtinish қызметтері мен ақпараттық жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін нөлдік тариф енгізілді. Үкіметтің мәлімдеуінше, мұндай қадам Халыққа қызмет көрсету орталықтарына түсетін жүктемені айтарлықтай азайтуға мүмкіндік бермек. Цифрландыру жүйесінің ілгерлеуі нәтижесінде халық пен билік арасындағы байланыс нығая түсті. Бұл халықтың өз көзқарасы мен пікірін еркін жеткізуіне сеп болды.