Қызылқоға ауданында спортқа бет бұрған жастар көп. Олардың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Бүгінде ауданда спорт кешендерінің саны көбейіп келеді. Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Сыдықов арнайы ауданға барып, спорт нысандарының жағдайымен танысты.