Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының гастрольдік сапары жалғасып жатыр. Биыл өнер ұжымы 100 жылдық мерейтойын тойлауда. Сапар аясында әртістер жас өнерпаздармен кездесіп, өнер әлемінің қыры-сыры жайында әңгімелесті. Сондай-ақ, театр сахнасының майталмандары студенттерге актерлік ойын, сахнада сөйлеу, кейіпкерді ашу жолдары жөнінде тәжірибелерімен бөлісті.