Балалардың қатысуымен болатын жол апаттары көбейіп барады. Әсіресе жаяу жүргіншілер жолағынан өтемін деп арты бақытсыз жағдайлармен аяқталатын дерек жыл сайын артып отыр. Сондықтан, тәртіп сақшылары маңызды көше қиылысында бақылауды күшейтті. Қазір қала аумағында «Абайлаңыз – балалар!» атты профилактикалық акция басталды. Науқан 10 қыркүйекке дейін жалғаспақ.