Биыл қазақ бард өнерінің көрнекті өкілі, ақын әрі композитор Табылды Досымовқа 60 жыл. Осыған орай, еліміздің әр аймағында мәдени шаралар, театр қойылымдары мен түрлі кештер әлі де ұйымдастырылып жатыр. Мұнда талантты тұлғаның өміршең өнерін халқы да, әріптестері де жаңғыртып, адами болмысын еске алуда.