Қала аумағында тозығы жеткен 72 шақырым су құбыры жаңартылады. Қазір жұмыстың бір бөлігі аяқталған. Жоба шеңберінде жалпы 36 учаскені қамту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда сумен жабдықтау объектілерін күрделі жөндеуден өткізу мақсатында ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан жобалау-сметалық құжаттары жасақталды.