Атырауда биылғы жазды шығарып салу мақсатында «Қош бол JAZZ» атауымен ашық аспан астындағы мерекелік концерті өтті. Кешкілік шара Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының алдында ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.