Металл жону – шыдамдылықты және мол тәжірибені талап ететін жауапты іс. Осы салаға 40 жылға жуық уақытын арнаған Тілекқали Оразақов вагон жөндеу зауытында қызмет етеді. Еңбек жолын технологтан бастаған ол басшылық лауазымдарға дейін көтерілген. Бүгінде шебер ауыр жүк вагондарына және цистерналарға қажетті бөлшектерді жасап, білгенін жастармен бөлісіп жүр.