Бүгінде тауарды бөліп төлеу арқылы сатып алу - қалыпты жағдайға айналды. Дегенмен, қаржы мамандары бұл да несиенің бір түрі екенін ұмытпаған жөн дейді. Олардың сөзінше, бөліп төлеу - азаматтың қалтасына салмақ түсіріп қана қоймай, психологиялық зардабын да тигізеді. Бүгінде жарнамасы жер жарған қарыз түрі туралы сарапшылар не дейді? Ел пікірі қандай? Сюжетке зер салайық.