Индер ауданындағы Аққала ауылында 90 орындық жаңа балабақша есігін айқара ашты. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Серік Шәпкенов арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын тарихи сәтпен құттықтады. Аймақ басшысы өз сөзінде жаңа нысанның ауыл балалары үшін сапалы білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы болатынын атап өтті.