Абай атындағы Оқушылар сарайында айтулы мерекеге орай интеллектуалды сайыс өтті. Мұнда 14 пен 25 жас аралығындағы білімге құштар жастар алты кезеңнен тұратын зияткерлік жарыста бақ сынады. Қатысушылар логикалық ойлау, шапшаңдық және тапқырлық бойынша өз мүмкіндіктерін сынап көрді. Әсіресе, Конституцияға қатысты сауалдар жас буынның білім деңгейін шыңдап, оларды маңызды тақырыптар төңірегінде ой қозғауға жетеледі.