Атырауда азаматтық қоғам өкілдері бас қосқан ауқымды форум өтіп жатыр. Биылғы жиынның негізгі бағыты-үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын цифрландыру. Алғашқы күні қатысушылар жаңа трендтерді талқылап, әлеуметтік жобаларын таныстыруда. Ертең форумның бағдарламасы жалғасып, негізгі отырыстар ұйымдастырылады.