Атырау облысында 1300 ден аса адам роботехника курстарына қатысып жүр. Олар, сондай-ақ, 3Д модельдеу мен жасанды интеллект дағдыларын меңгереді. «Kazrobotics» Қазақстандық білім беру және спорттық роботехника федерациясы өз жұмысын бастағалы 10 жыл болған. Бүгінде жастар үйренген тәжірибелерімен түрлі бағыттағы жобаларды жасап жүр.