Атырау облысының XII Азаматтық форумы өз жұмысын аяқтады. Екі күнге созылған басқосуда азаматтық қоғам өкілдері өзара тәжірибе алмасып, заманауи мүмкіндіктерді талқылады. Сондай-ақ қатысушылар жаңа жобаларын таныстыруға мүмкіндік алды.