Бірінші қыркүйектен бастап Қазақстанда жол ережесін бұзған көлік жүргізушілеріне жаңадан жаза енгізілмек. Бұдан былай темір тұлпар тізгіндегендер асыққан жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне жол бермесе көше сыпырады.Жаңа өзгеріс Әкімшілік кодекске енгізілмек және ол тек көлік жүргізушілеріне ғана емес, жаяу жүргіншілер мен самокат мінгендерге де қатысты болады.