Атырау — өнер мен ұлылардың ордасы. Бұл өлкеден шыққан дарын иелері – ұлттың рухани қазынасын байытып келе жатқан мақтаныштарымыз. Солардың бірі – жас әнші, ерекше дауыс иесі Санат Асуат. Өнерге деген құштарлығы екі жасынан басталған Санат бүгінде өзіндік орындау мәнерімен, дара үнімен тыңдарман жүрегінен орын алып үлгерді. Өнер мен ізденісті серік еткен жерлесіміз жайлы толығырақ бейнесюжеттен тамашалайық.