Соңғы 7 айда есірткі сатып, тасымалдағандарға қатысты 80-нен аса іс қаралған. Сонымен қатар, 70-тен астам есірткі саудасын қыздырып, қоғамды қауіпті індетке итермелейтін жарнамалар мен граффити жазбалары да жойылды. Мұның бәрі қоғамдық тәртіпті әркез естен шығармай, заң үйлесімділігін ұдайы қадағалайтын қызметкерлердің жүргізген жұмысының нәтижесі.