Облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне халықты тарту қарқынды түрде жалғасып жатыр. Қазір өңір халқының 87,5 пайызынан астамы, яғни 622 143 адам сақтандырылған. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Атырау облыстық филиалының директоры Ғаниет Сәлімғали облыстық ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифинг барысында мәлімдеді.