Ел экономикасының күре тамырына айналған теміржол әлемдік көлік жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі уақытта теміржол желісі арқылы жалпы жүктің 80 пайызы тасымалданса, жолаушылардың 60 пайызы көліктің осы түрін тандайды. Ал бүгінгі кейіпкеріміз жас та болса, осы саланы жетік меңгеріп, адал еңбек етіп жүрген Қуаныш Бекпенбетов жайлы болмақ.