АТЫРАУДА 66 ШАҚЫРЫМ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ЖАҢАРТЫЛАДЫ 29.07.2025 19:39 Атырауда электр желілерінің 25% тозған. Биыл тарифтен түскен және ел қазынасынан бөлінген қаражат көмегімен қосалқы стансалар жөнделіп, бағандар жаңартылады. Жалпы ұзындығы 66 шақырым желі жөнделеді.