Абай мұрасы қазақтың ең қасиетті теңдесі жоқ алтын қазынасы. Жылдар өткен сайын халқымыз ғұлама ақынның рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түсуде. Осы тұста атыраулық студенттер ақынның 180 жылдығына арналған экспедиция аясында Абай Құнанбайұлының туған жеріне барып, тыныс-тіршілігімен танысты.