70-ке жуық жасөспірім түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген. Ювеналды полиция кезекті «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде жеткіншектерді анықтап, бөлімше жеткізді. Айта өтейік, республикалық шара үш күнге созылады. Мұндағы мақсат - кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу.