Атырау іргесіндегі Самал ықшам ауданының тұрғындары үреймен өмір сүріп жатыр. Ағайын осыдан он жыл бұрын қыруар қаржыға жер алып үй салған. Бірақ, 2023 жылы жырақтар пайда болып, баспананың астан кестеңі шыққан. Жер асты су құбырлары жарылып, бірнеше үй тұруға жарамсыз болып қалған. Тұрғындар бар мәселеге Атырау Су мекемесінің сылбырлығы себеп деп отыр. Бұқара базынасына әріптесім құлақ түріп қайтты