Атыраудағы 5546 әскери бөлімінде 200-ге жуық жас сарбаз салтанатты түрде әскери ант қабылдап, Отанға адал қызмет етуге серт берді. Осылайша Ұлттық ұланның қатары толығып, аймақтағы күштік құрылымдар әлеуеті арта түсті. Жас сарбаздар бір ай бойы оқу-жаттығу жиынынан өтіп, әскери тәртіп пен ұрыс техникасының қыр-сырын меңгерген. Олар енді еліміздің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жауапты міндет атқарады.