Синоптиктердің болжамынша, тамыз айында Атырау облысында ауаның орташа айлық температурасы +25,1…+27,3°С шамасында болады. Бұл қалыпты көрсеткіштен 1 градусқа жоғары. Айдың үшінші онкүндігінде ауа райы күрт ысып, күндізгі температура +27…+32°С-тан +33…+38°С-қа дейін көтерілуі мүмкін. Сонымен қатар, айлық жауын-шашын мөлшері орташа деңгейден төмен болады деп күтілуде. Мамандар аптап ыстық кезінде тұрғындарға күннің көзінен қорғанып, сұйықтықты көп тұтынуға кеңес береді.