Аймақта «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 300-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді. Анықталған деректердің 248-і жасөспірімдердің ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта көшеде жүруіне қатысты. Сонымен қатар, 35 ата-ана бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс-шараның мақсаты-кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оқушылар мен педагогтармен кездесулер өткізді. Сондай-ақ кешкі және түнгі уақытта көшелерде патрульдік бақылауды күшейтті.