Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Реновация 1300» жобасы негізінде 2025-27 жылдары Атырауда 12 мектеп жаңғыртылады. Оның 9-ы Индер ауданында орналасқан. Қазір Елтай ауылындағы орта мектепті жөндеу жұмысы басталды. Ауыл мектептерін қаладағы білім ошақтарымен теңестіріп, оқушылар үшін жайлы орта қалыптастыруға бағытталған жоба басқан аудандар да жалғасын табатын болады.