Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 12 ғылыми жобаны жүзеге асырылып жатыр. Дені жаратылыстану және физика-математика бағыттарын қамтиды. Бұл жайында университеттің жылдық есебі, жетістіктері мен жаңалықтары туралы өткен ашық брифингте ректор Саламат Идрисов мәлім етті. Одан бөлек, оқу ордасының даму бағыты, халықаралық әріптестік пен заманауи білім беру үрдістері жөнінде сөз қозғалды.