Жыл басынан бері интернет алаяқтыққа қатысты 500 қылмыстық іс тіркелген. Бұл жайында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткізілген «21 ғасырдың триггерлері» атты форумда айтылды. Шараға сарапшылар, жастар, мемлекеттік органдар өкілдері мен құқық қорғау саласының қызметкерлері қатысты. Форумның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.