Мал мен егін үшін ғана емес, адамға да ауызсу қажет. Мақат кентінде сыйымдылығы 4 мың текше метрлік екі жаңа су қазандығы пайдалануға берілді. Енді аудан орталығындағы 14 мыңнан астам тұрғын таза су ішеді. Бұл ғана емес. Алда тағы екі қазандық салынады. Жобаға жалпы 980 миллион теңге бөлінген. Бұл нысандар Мақаттың 20 жылдық су қажеттілігін өтей алады. Жалпы кейінгі екі жылда өңірде Қызыл-қоға, Индер, Махамбет аудандарын қоса алғанда 22 ауылдың ауызсу жүйесі жаңартылған. Қазір Атырау облысы тұрғындарының 98 пайызы орталықтандырылған жүйеден таза ауызсу ішіп отыр.