Атырауда ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыстың тиімді әдіс-тәсілдеріне арналған қалалық семинар өтті. "Цветы жизни" түзете-дамыту бөбекжайының бастамасымен ұйымдастырылған шарада тәрбиешілер мен мамандар тәжірибе алмасып, инклюзивті білім берудің жаңа бағыттарын меңгерді.