Атырауда Махамбет жырларын ұлықтауға арналған поэзия кеші өтті. Сахна төрінде 20-дан аса жас өрен ер Махамбеттің өшпес мұрасын оқып, көрерменге рух пен жігер сыйлады. Театр әртістері де ақынның өмірі мен ерлігін сахналық қойылым арқылы шебер сомдап, шараның әсерін тереңдете түсті. Поэзия кешіне облыстың ең дарынды деген оқушылары қатысты.