Тіл үйрену арқылы – бір әлемді емес, мың түрлі тануға болады. Ал, оны үйренудің ерте-кеші жоқ. Өңірімізде ағылшын тілінде математика оқытатын ерекше педагог бар.Бүгінде оның сабырлы әдебі мен түсіндіру мәнері талай студентке мотивация болып отыр. Тіпті кейбір оқытушыларға да үлгі болған десек артық емес.

Ал ең қуаныштысы – осы жылы оның екі шәкірті шетелдік оқу орнынан грант иеленді. Ұстаз енді студенттерімен бірге заманға сай ірі жоба жасауды жоспарлап жүр.