Биылғы қыс қатты болмақ. Синоптиктер атыраулықтарға ескерту жариялады. Желтоқсанда қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа ұласуы мүмкін. Сондықтан, сақшылар әрбір жүргізушіге жолдағы қауіпсіздік шараларын түсіндіріп әлек. Коммуналдық қызметкерлер де жолға тұз сеуіп, тазарту жұмыстарын жасап қамданып жатыр. Ақтоты Өркешбаеваның репортажында.