Атырауда AMANAT партиясы жанындағы білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті. Жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасы биыл атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыру жұмыстары пысықталды. Басқарма өкілдері жаңа нысандардың құрылысы, мамандар даярлау гранттары және дәрілік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша жоспарларымен бөлісті.