Атырауда спорттық биден WDSF санатындағы халықаралық турнирі әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас бишілердің басын қосты. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған сайыста 750-ден аса биші бақ сынаған. Екі күнге созылған жарыста түрлі жас санаттары бойынша үздіктер анықталып, қатысушылар әлемдік рейтингте өз ұпайларын арттыруға мүмкіндік алды.