«Ашықтық, заңдылық, адалдық». Атырауда 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты күшейтудің жаңа тәсілдері талқыланды. Іс-шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы Нұрлан Еркебаев, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, бизнес пен азаматтық қоғам өкілдері қатысты.