Биыл САФИ Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасындағы Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай-газ университетінің ресми филиалы алғашқы студенттерін қабылдаған болатын. Қазір мұнда 100 студент білім алып жатыр. Мұнай-газ саласындағы әлемдік деңгейдегі білім беру бағдарламалары енді өз елімізде қолжетімді болып, болашақ инженерлер мен зерттеушілерді даярлау мүмкіндігі кеңеймек.